2022 жылғы 5 мен 11-желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7361 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3211 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық — 5, тонау – 1, бұзақылық – 1, басқа да — 1.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1162 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 293, жол ережесін бұзған – 573, одан басқа да 296 жайт анықталды.