Úı ANONS Ақылы жолдарда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар іске қосылды

Ақылы жолдарда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар іске қосылды

фото ҚР ІІМ
Ағымдағы жылдың 17 наурызы таңғы сағат 08:00-ден бастап, Түркістан облысындағы бүкіл ақылы жолдарда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар іске қосылады.
Осыған байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті барша азаматтарға жолда жүргенде жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.