Түркістан облысында Түркітілдес елдердің кәсіпкерлеріне арналған арнайы экономикалық аймақ құрылмақ. Ол үшін «Түркістан» арнайы экономикалық аумағынан жер қарастырылған. Өңірге итвестиция тарту барысы облыс әкімнің кезекті жиналысында сөз болды.
Түркістанда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес “Тұран” арнайы экономикалық аймағы құрылмақ. Бұл жобаның ерекшелігі түркітілдес елдері инвесторларының басын бір аймаққа жинайды. Ол үшін «Түркістан» арнайы экономикалық аймағынан орын берілмек.
Мұнда жоспар бойынша арнайы шектеу қойылмаған «өңдеу өнеркәсібі» секциясына жататын қызмет түрлері қамтылады. Ал бағдарламаның жүзеге асу барысына “Turkistan invest” инвестиция тарту және экспорт дамыту өңірлік агентігінің басқарма төрағасы Бағлан Жұмашбеков тоқталып өтті.
Бағлан Жұмашбеков, “Turkistan invest” инвестиция тарту және экспорт дамыту өңірлік агентігінің басқарма төрағасы: “Біздің негізгі функцияларымыз өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеу жүргізу және әлеуетті инверторлар тарту. Екіншіден инвесторларға ақпараттық сүйемелдеу жүргізу. Оның ішінде орталық және жергелікті мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру. Инвестиция тақырыбы бойынша бизнес форумдар, конференциялар, семинарлар өткізу”7
Бұл жобаның басты мақсаты — Түркістан қаласынның экономикасын дамыту және инвестициялық әлеуетін жақсарту. Ол үшін Тұран арнайы экономикалық аймағына 4 гектар жер қарастырылып отыр. Сонымен қатар 6 қосалқы бөліктен тұрады. Ал жаңа жобаның толық жүзеге асуы инвесторларға байланысты. Сондықтан облыс басшысы мамандарға арнайы тапсырма берді.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: “Біздің басым бағыттардың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта бар мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор”
Облыста 2022-2026 жылдар аралығында 71 инвестициялық жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Ал одан түсетін қаражат құны 1,9 трлн. теңгені құрайды. Жаңа 5 жылдық жоспар толығымен атқарылған жағдайда 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда 17,7 млрд. теңгелік 18 жоба іске асты. Нәтижесінде мыңға тарта азамат жұмысқа орналасты.