Қазақстанда қарашада жылдық инфляция 19,6% болды. Азық-түлік тауарлары 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,6%, ақылы қызметтер14,1% қымбаттады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.
Ақылы қызметтер өткен айда 0,8% қымбаттады. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері 2,7%, монша қызметтері – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтері – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 1,7%, қонақ үй қызметтерінің бағасы 1% өсті.