Президент төтенше жағдайдан кейінгі меморгандардың іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды

150

11 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді.

«Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.