Жемқорлардан қайтарылған қаржының жалпы көлемі 500 млрд. теңгеден асты

71

Жемқорлардан қайтарылған қаржының жалпы көлемі бүгінде 500 миллиард теңгеден асты. Жыл соңына дейін триллион теңгеге жеткізу көзделген. Осыншама қаражат негізінен мектеп салуға жұмсалады деп жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп Президент тапсырмасын іске асырып жатыр. Заң актілеріне тиісті түзетулер жобасы әзірленді. Қазір жемқорлыққа қатысты іс бойынша тәркіленген ақша мен өзге де активтер бірден бюджетке түсіп жатыр.