Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығының құрылысы қыркүйек айында аяқталады

34

Шымкентте 2022 жылы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдың үлесі 67, 4 пайызды құрады. 152 нысан орташа жөндеуден өтсе, 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы қалалық автомобиль жолдары басқармасының мамандары баспасөз брифингінде мәлімдеді. Сондай-ақ жиында 2023 жылы қай нысандардың құрылыс аяқталытыны туралы да айтылды.

Шымкентте Арғынбеков-Бәйдібек би даңғылындағы жолайрық құрылысы биыл қыркүйек айында толық аяқталады. Қазіргі таңда жұмыстыңтың 60 пайызы орындалып, 2 өткел пайдалануға берілген. Сондай-ақ қалалық автомобиль жолдары басқарма басшысының м.у. а Мұқтар Қоқанбаев, көктемде Арғынбеков көшесін жол қозғалысына ашу жоспарда бар екенін айтты.

Жалпы, биыл құрылыс және қайта құру бойынша 14 шақырымдық 9 нысан пайдалануға беріледі. Ал өткен жылы 15,2 шақырымды құрайтын күрделі 3 нысанның құрылысы аяқталған еді.

«Олар:
1. Самал-1,2,3 шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту;
2. Рысқұлов-Қонаев қиылысындағы көлік айрығын салу;
3. Рысқұлов – Қонаев к. қиылысындағы жолаушылар өткелін салу»

Үшінші мегаполисте қанағаттанарлық жолдар үлесі 2022 жыл қорытындысы бойынша 67,4 пайызды құрап отыр. Сала мамандарының айтуынша, өткен жылы шалғай елдімекендерге асфальт төсеу жұмыстарына басымдық берілген.

Мұқтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы: «2023 жылы 201 шақырымды құрайтын 253 көшеде орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бірақ оның 147 шақырымын биыл қабылдап, 60 шақырымын халық игілігіне береміз. Яғни, асфальті толық төселеді».

Сондай-ақ, былтыр инфрақұрылымы толық аяқталмаған елдімекендерде 122 шақырым көшеге шағал тас төселді. Биыл тағы 66,4 шақырымға төсеу жоспарда бар. Бұл толық қажеттілікті қамтамасыз ете алмайтынын ескерген Мұқтар Қоқанбаев егер халық тарапынан ұсыныс болып жатса бюджеттен қаржы қарастырылуы мүмкін екенін айтты.