Бүгін Ұ.Арғынбеков көшесі ашылады

59

Қазір Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, құрылыс барысын қадағалады.

Осыған дейін жоспардағы жол құрылысының 70 пайызы орындалған. Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс қарқынын күшейтіп, жол қозғалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесін
15 мамырдан бастап уақытша ашуды тапсырды. Айта кетейік жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде – оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Бұл шара халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр.
Былтыр құрылысы басталған жолайрықты жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беру жоспарланып отыр.