Асыраушысынан айырылған отбасыларға 21,3 млрд. теңге жәрдемақы төленген

32
фото Егемен

Былтыр еңбекке жарамсыздығына байланысты 97,6 мың адамға 30,5 миллиард теңгенің жәрдемақысы төленді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Жәрдемақының орташа мөлшері – 37 784 теңге.

Ал асыраушысынан айырылған 61,4 мың отбасы 21,3 миллиард теңге жәрдемақы алды, төлемнің орташа мөлшері – 40 928 теңге. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бала күтіміне байланысты демалыстың барлық күніне тағайындалады.

197,9 млрд теңге көлеміндегі біржолғы төлемді 251,1 мың адам алды. Төлемнің орташа мөлшері – 809 226 теңге.