Автодельфия: Енді талдау нәтижесінде адами қателік кетпейді

178

Шымкенттегі перинаталдық орталық енді автоматтандырылған талдаушы құрылғылармен жұмыс істейді. Финляндиядан алып келінген аппарат жүкті әйелдерге скрининг жасауға арналған. Яғни, құрсақтағы баланың денсаулығына байланысты проблемаларды анықтайды екен.

Финляндиялық автодельфия құрылғысы 800 жүкті әйелге талдау жасауға қауқарлы. Яғни, бұл аппарат құрсақтағы баланың хромосомалық ауруы бар-жоғын анықтап береді. Күдікке ілінген топ жүктіліктің 11-13 апта аралығында анализ тапсырып, күмәнін сейілте алады.

Нұрбибі Сүйіндікова, Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі: «Автодельфия негізгі ерекшелігі барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Адами қателесу қаупі төмен, күніне 800- әйелдің анализін бір сәтте қоюға болады. Жүкті әйелдің жасы 37-ден асса күдікті топқа ілігеді. Екінші оның отбасы мүшелерінің арасында хромосомалық аурулармен туылған жағдайларда күдікке ілігеді. Үшіншісі УДЗ скрингге түскенде әртүрлі анамалиялық маркерлар болғанда күдіктенеміз».

Шымкент қалалық перинаталдық орталық бұған дейін Вектор 2 аппартын пайдаланып келген. Мамандар ол кезде жартылай автоматтандырылған құрылғыда тек 300 адамның ғана анализін талдай алған. Ал мүмкіндігі зор Автодельфия құрылғысында жұмыс істейтін мамандар арнайы іс-тәжірибеден өткен.

Гүлжан Сыйқымбайқызы лобарант-дәрігер: «Перинаталдық анализдерді зерттеу жүргіземін. Жылына бір рет Алматыдағы гинекологиялық орталығында тәжірибеден өтіп тұрамын. Бізде айына 2000-2500 әйелге жұмыс жасаймыз. Айына бір рет контроль бақылау жүргізіп отырамыз».

Статистика бойынша мегаполиста жылына 25 мың келіншек бала көтерсе, оның 5 мыңға жуығында хромосомалық ауру болуы мүмкін деген күдікке ілігеді екен. Ал нақты диагнозды периниталдық орталықтағы ФИШ аппараты қояды. Бұл құрылғы 5 түрлі дертті анықтауға қауқары бар. Егер талдау нәтижесінде сырқат расталса жүктілікті тоқтатуға тура келеді.

Гүлнара Доланова, цитогенетик- дәрігер: «Жүкті әйелдердің ішіндегі баланың тұқымқуалаушылық ауруларын анықтайды. Және барлықтарыңызға белгілі генетикалық ақаулар бар, соларды анықтайтын бірден бір көмек көрсететін осы фиш әдісі. Мұның тиімділігі, мысалы біз баяғыда 10-15 күн құрсағындағы баланың ақауы бар-жоғын күтетін болса, осы аппараттың арқасында мүмкіншілігіміз артып отыр. 24 сағаттың ішінде жылдам әрі сапалы етіп анықтап береді».

Айта кетейік, бұл аппараттар мегаполис бойынша осы перинаталдық орталықта ғана бар. Мұнда шымкенттік жүкті келіншектердің барлығы анализді тегін тапсыра алады. Тек өзі тіркелген емханадан жолдама алса болғаны.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева