«ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізбек.
Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.
«Ауа температурасының төмендеуі салдарынан дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесі қатып қалуы мүмкін», — деп жазылған компанияның хабарламасында.
Күре жолдардағы ахуал туралы 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, білуге болады.