Жұмыспен қамту саласындағы «Күміс жас» жобасына өзгерістер енді. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтитын жоба қатысушыларының контингенті мен қатысу кезеңі ұлғайды.
Атап айтқанда енді 50 жасқа толған азаматтар 3 жылға дейін қатыса алады. Күміс жасқа қатысушының айлық жалақысының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
Мысалы жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын мемлекет төлесе, екінші жылында бұл көрсеткіш 65%-ды, ал үшінші жылында 60 пайызды құрайды.