Мұнай өнімдерін автокөлікпен экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды

0

Қазақстан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды алты айға ұзартты, «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылдың 20 қаңтарындағы бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстаннан майлауыш майларды қоспағанда, автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынады. Ішкі істер министрлігіне мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеуге көмектесу жөнінде тапсырма берілді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.