Бір жылда 110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цехтің жұмысы тоқтатылды. Президентке есеп берген Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осылай деді.
Сондай-ақ ол жалған шот-фактуралар арқылы салықтан жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын 1 мыңнан астам фирманың қызметі тоқтатылғанын айтты.
Сонымен қатар, 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8 миллиард теңге шығыны өтелгенін жеткізді. Жалпы құны 300 миллиард теңгеден асатын актив қайтарылған.