Қазақстанда жұмыс берушілер тарапынан мамандарға деген сұраныс 16 пайызға өсті, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ресми мәліметке сәйкес, желтоқсан айында электрондық еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме орналастырылды.
Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс 16%-ға өскен. Мәселен, ауыл шаруашылығы бойынша 13,3 мың бос жұмыс орны, басқа қызмет түрлері -10,3 мың орын, ал орта білім беру саласында 9,8 мың бос жұмыс орны тіркелді.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановскаяның айтуынша, көптеген өңірлерде бос жұмыс орындарының саны артты. «Мысалы, Түркістан облысында бір айда бос жұмыс орындарының саны 15,3 мыңға дейін жетіп, 170%-ды, ал Алматы облысында 10,6 мыңға дейін өсіп 105%-ды құрады. Бұл ретте бір айдағы орналастырылған барлық бос жұмыс орындарының 44%-ы төрт өңірге — Түркістан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларына тиесілі», – дейді Молчановская.
2022 жылдың желтоқсан айында бірнеше мамандық бойынша жоғары сұраныс тіркелді. Олар:
жылжымайтын мүлік агенттері — 2,9 мың бос жұмыс орны;
әлеуметтік қызметкерлер — 1,3 мың бос жұмыс орны;
күзетшілер — 1,2 мың бос жұмыс орны;
санитарлар — 1,2 мың бос жұмыс орны;
аспаздар — 1,1 мың бос жұмыс орны;
тәрбиешілер — 1,1 мың бос орын;
тәрбиешілердің көмекшілері — 851 бос жұмыс орны.
Ал жұмыс іздеушілердің арасында автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер көп болды. Түйіндемелердің үштен бір бөлігін 16-28 жастағы адамдар жіберген.
Желтоқсан айында ең көп жалақыны бас директорлар (2,8 млн теңге), тауар жинақтаушылар (2,4 млн теңге) мен терезеге монтаж жасаушылары (1,8 млн теңге) сұраған.
Ал жұмыс берушілер тарапынан жоғары жалақы өнеркәсіп саласындағы цех бастықтарына (832 мың теңге), бас технологтарға (700 мың теңге), техникалық сала басшыларына (650 мың теңге) және өнеркәсіптік альпинистерге (650 мың теңге) ұсынылды.