Қаратау ауданында балаларға арналған спорт кешені ашылады

55

Мамыр айында Қаратау ауданында балаларға арналған спорт кешені ашылады. Құрылыс жұмыстарын қала әкімі бақылап көрді. Мұрат Әйтенов сондай-ақ, Шапырашты, Өтеміс, Сайрам және Қызылсу тұрғын алаптарының халқымен кездесіп, тұрғындар сауалына жауап берді. Жиында алдағы жоспар баяндалып, азаматтардың өз кәсібін бастауына қолдау көрсету бағытындағы мүмкіндіктер туралы айтылды.

Шапырашты елдімекенінің балалары спорттық үйірмелерге қатысу үшін қаланың орталығына сабылуға мәжбүр. Дегенмен, биыл көктемнен бастап, балалар спортпен шұғылдану үшін ұзақ жол жүрмейді. Себебі, әкімдіктегілер жақында 1000 балаға арналған спорт кешенін ашуды жоспарлап отыр.

Мұратбек Қыпшақов, құрылыс салушы: «Осы ауылдың жастарын қызықтырсақ, спортқа тартсақ деген ой мен жарыстарды көбейтсек деген ой. Жаттықтырушыларға арналған екі этажды төрт пәтер болады. Спорттың 5 түрін қатмыақ деп жатырмыз. Мамандар шақырып, ертең келешекте чемпиондарды дайындасақ деген мақсатымыз бар, Құдай қаласа!».

Шапырашты елдімекенінде инфрақұрылым және коммуналдық шаруашылық мәселелері біртіндеп шешімін тауып келеді. Бірнеше жыл бұрын елдімекен мегаполиске қосылған шақта мұнда көгілдір отын да, жол да болмаған еді. Өткен жылдың өзінде Шапыраштыда 7 көшеге асфальт төселіп, жаңадан 1 спорт кешені салынған.

«Жол мен жарық мәселемі шешілді. Қазір мұнда аса қатты проблемалар жоқ. Халықтың жағдайы жақсарып келеді», — дейді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов.

Биыл Қаратау ауданында жаңа балалар алаңшалары мен су құбыры желісінің құрылысы жоспарланған. 40 мыңнан астам халық қоныстанған Сайрам тұрғын алабында ауыз су кестемен беріледі. Мәселені шешу үшін өткен жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер анықталған еді. Биыл құрылыс жұмыстары басталады.

Тұрғындар қала әкімінен жайылым мәселесін шешіп беруді сұрады. Жайылымдық жерлерді ұлғайту, сондай-ақ, атаусыз көшелерге ат қою және мектеп салу мәселелері де көтерілді..

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Ауылдарға қаражат басқаша бөлінеді. 3 жылда байқаған шығарсыздар сіздерге су да, жол да газ да келіп жатыр».

Тұрғындармен көшпелі кездесулер өзекті мәселелерді шешуді жылдаматады және халықтың қаланың дамуына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік береді дейді жиынға қатысқан ақсақалдар. Сонымен қатар жиында тұрғыналаптарда атқарылған жұмыстар талқыланып, жоспар таныстырылды. Тұрғындарын сауалдарын жолдап, халықтың кәсіп бастауына қолдау көрсету бағытындағы мүмкіндіктер туралы айтылды.