Қолданыстағы баспананың бағасы арзандады

40

Ұлттық  статистика  бюросының мәліметіне сүйенсек,Қазақстанда 2018 жылдан бері алғаш рет қолданыстағы баспананың бағасы арзандады.

Былтыр желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда пәтерді қайта сату бағасы орташа есеппен 1,5 процентке төмендеген. Үш өңірде баспананың арзандағаны анық байқалады. Астана – 5,1%; Шымкент – 2,7%; Ақтау – 1,6%.
Еске сала кетейік, былтыр жазда ұлттық статистика бюросы бір жылда (2022 жылдың шілдесін 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлер 26,4%, жаңа тұрғын үйлер 19,6% қымбаттағанын хабарлаған болатын.