Қоныс аударушылар мен қандастарға 8 мыңнан астам квота бөлінді

86
Тәуелсіздік алған жылдардан бері ОҚО-ға 188 833 қандас ағайын көшіп келген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушылар мен қандастарға 8600-ден астам квота бөлінгенін  хабарлады. Былтырғымен салыстырғанда квота саны 566-ға көп.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беріледі: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем;бір отбасына 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы ретінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.