Шымкентте табиғи газ бен жарықтан тапшылық жоқ

48

Шымкентте табиғи газды тұтыну қажеттілігі сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Бұған дейінгі 2 стансаның қуаттылығы 180 мың текше метрге жеткен.

Сондықтан 2022 жылы номері үшінші газ тарату нысаны ашылды. Қазіргі таңда шаһарда көгілдір отын тапшылығы сезілмейді. Сонымен қатар мамандар қаланы сапалы электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр.

Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде мегаполите 4 қосалқы станция салынды. Соның бірі «Бозарық» электр станциясы. Оның қуаттылығы сағатына 160 МВт-ты құрап, аязды күндері жарықпен үздіксіз қамтамасыз етіліп отыр.