Шымкенттегі Dendropark тұрғын үй кешенінің жаңа кезегінде сатылым басталды

90

Шымкенттегі Dendropark тұрғын үй кешенінің жаңа кезегінде сатылым басталды

Өткен демалыс күндері Шымкенттегі Dendropark Business-2 ТҮК пәтерлерін сату басталды.

Жоба Төлеметов көшесінің бойында орналасқан. Үй атауы оның басты артықшылығын айшықтайды: Шымкент дендропаркіне жақындығы. Таяу маңда №56 балабақша, физика-математика бағытындағы НЗМ, тарихи-өлкетану мұражайы, хайуанаттар бағы, Grand Park Shymkent СОО, көптеген саябақ пен «Тұлпар» көлі бар.

Кешен архитектурасында шығыс стилінің элементтерімен үйлескен заманауи эклектика мен көп деңгейлі даму принципі қолданылады.

Ауладағы көгалдандыру тәуліктің кез келген уақытында бос уақытты ыңғайлы өткізуге мүмкіндік беретін көлеңкелі аймақтармен қамтамасыз етілетін болады. BI Green экологиялық акциясы аясында құрылыс салушы бұрын сарайлардың бақтарын көгалдандырған әйгілі түрік тәлімбағының мамандарын арнайы шақырады.

Жабық және қауіпсіз аулаларда: спорт алаңы, workout аймақтары, балалар мен ересектерге арналған демалыс орындары, «су тұманы» салқындату және «құрғақ субұрқақ» жүйелері қарастырылған.

Сапалы материалдар қолданылатын ТҮК холлдары жұмсақ күту аймақтарымен, балалар арбасын қоятын орындармен және өтпелі кіреберістермен қамтылатын болады.

Dendropark-тағы тағы бір артықшылық – жақсартылған бастапқы әрленген пәтерлер.

Құрылыс салушы соққы шуының таралуын бөгейтін «қалқымалы еден» және дыбыс сіңіретін пәтераралық қалқа технологияларын пайдаланады.

BI Group компаниясы құрылыста белсенді қолданатын «ақылды» технологиялардың арқасында пәтерлерге төрт жолмен: саусақ ізі, код, смарт-карта, механикалық кілтпен кіруге болады. IP домофониясы клиенттерге күзетпен байланысуға және келушілермен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Қосымша опция – құрылыс салушының таза әрлеуі және Connected home жүйесі.

Бірінші және жерасты қабаттарында төбелері биік және еркін жоспарлауға болатын коммерциялық бизнес бөлмелер қарастырылады.

Dendropark Business-2 тұрғын үй кешенін BI Service басқарушы компаниясы басқаратын болады. Ол өзінің кәсібилігін18 жыл ішінде нарықта танытып, бүкіл ел бойынша 5,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсетіп келеді.

Шымкенттіктер үшін BI Group Бақыт министрлігінің қызметтерін ұсынады, оның негізгі мақсаты — бос уақытты тиімді өткізу мен тұрғындар арасындағы тату көршілікті дамытуға бағытталған ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру.

Естеріңізге салайық, мереке күндері 137 отбасы Dendropark Business-1 тұрғын үй кешенінде қоныс тойын тойлады.  Тұрғын үй кешеннің екінші кезегінде 130 пәтер сатылады.

Толық ақпаратты 360 нөмірі бойынша, іnstagram-дағы @bi.group.shymkent ресми парақшасынан немесе компанияның https://bi.group/ru/ сайтынан алуға болады. Шымкенттегі сату бөлімі Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайы бойынша орналасқан. Сондай-ақ, online-режимде сатып алуды ресімдеуге және BIG App қосымшасында ДДҚ-ға қол қоюға болады.