Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің таратқан мәліметі бойынша «Микроқаржы ұйымы «Эверест Финанс» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.
«Микроқаржы ұйымы жылдық тиімді сыйақы мөлшерін дұрыс көрсетпеген, кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектісінен алынған анық емес мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын бұзуына жол берген», — делінген Агенттік хабарламасында.