Үйінде сора өсірген азамат 3 жыл 6 айға сотталды

45

Үй ауласында сора өсірген 56 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол заң бойынша тыйым салынған өсімдіктерді өсірген.

Күдікті 2022 жылдың шілде айында жүргізілген шаралар барысында ұсталған. Оның үйінің ауласынан 636 түп сора өсімдігі тәркіленіп алынды. Іс ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркеліп, сот шешім шықты.

Оның тұрмыстық жағдайы ескеріле отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен сотталушының жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.