Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Үкімет басшысы бірқатар ірі өнеркәсіптік нысанның қызметімен, өңірлік сауда-логистикалық хаб жобасымен және «Іскер қала» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысады.
Премьер-министрге мегаполистің жылына 600 мың тоннаға дейін жүкті өңдеуге, тәулігіне мың паллетке дейін жөнелтуге мүмкіндік беретін көлік-логистикалық хабы көрсетілді. Негізгі жүк ағыны Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, басқа елдерден де келеді.
Еске салайық, бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Шымкентте жүр. Одан әрі жоспарға сәйкес, Үкімет басшысы шыны конструкцияларын өңдейтін және шығаратын зауыт ашуы, әлеуметтік нысандардың құрылысын тексеруі керек.
Ол Шымкенттің логистикалық аймағы жоғары деңгейде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Әлихан Смайылов мегаполистің инвестициялық ахуалына оң баға берді
Сонымен қатар, Премьер-Министр ашылуына небәрі 2 ай қалған жаңа Оқушылар сарайын аралайды.