573 млн. теңгеге зергерлік бұйым контрабандасының жолы кесілді

31

Былтыр  құзырлық органдар жалпы құны жарты миллиард теңгеден асатын зерлерлік бұйым контрабанданың жолын кескен.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында  айтты.

«Мемлекеттік кірістер органдары мен Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша ел аумағында 2 мыңнан астам субъект бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізеді. Оның 90%-ы шағын бизнес субъектілері болып табылады», – деп жазылған жауапта.

Үкімет басшысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғанын еске салады.

«Қаржы мониторингі агенттігі ішкі нарықты тауарлар мен контрафактілік өнімдерді заңсыз әкелуден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жедел іс-шаралар шеңберінде 2022 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 573 млн теңгеге зергерлік бұйымдарды контрабандалық әкелудің жолын кесті. Статистикалық деректер мен импорттаушы елдердің деректерін қарсы талдау нәтижесіне сәйкес, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркиядан және Швейцариядан әкелінген зергерлік бұйымдардың тауар 2 айналымының айырмашылығы шамамен 1,2 млн АҚШ долларын құрайды», – деді Әлихан Смайылов.