Úı ANONS 77 млн. теңге шығын келтірген пирамида ұйымдастырушысы сотталды

77 млн. теңге шығын келтірген пирамида ұйымдастырушысы сотталды

240 мың теңгеге тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесіп, одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісім жасаған күдікті анықталды. Ол еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарын сан соқтырып келген.

Яғни, ақша салған азаматтар баспана мен көлік ала алмаған. Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі: “Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты”.

Exit mobile version