Тұран ауданы 95,5% көгілдір отынмен қамтылған. Былтыр Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерге газ кіргізу үшін құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
Қазір «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газ құбырлары сәтті тексерістен өтсе, 4 елді мекен көгілдір отынға қосылады. Нәтижесінде меже 99 пайызға жетеді.
Ал 2024 жылға дейін Тұрған ауданында барлық елдімекенге газ кіргізіледі деп жоспарланған.