Түркістан облысында полицейлер боранда қар құрсауында қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларға көмектесті. Созақ ауданындағы Одаман асуында бораннан бірнеше көлік 11 сағат бойы жолда тұрып қалған.
Оларға «Оңтүстік жолдары» мекемесінің жұмысшылары мен тәртіп сақшылары көмек көрсетті. Оқиға орнына жету үшін арнайы техника қолданылды. Жол ашылған соң полиция қызметкерлері тоңып қалған адамдарды Таскөмірсай жылыту бекетіне жеткізген. Сондай-ақ үлкен техника көмегімен қарға батып қалған 5 автокөлік қауіпсіз аумаққа шығарылды.