Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша: Көршісіне былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.
Түркістан облысының Отырар аудандық сотының 2022 жылғы 08 ақпандағы қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, ол 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Себебі, сотта 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 18-00 шамасында Отырар ауданы, Көксарай ауылындағы көше бойында, жәбірленушіге былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiрген.
Әкімшілік іс жүргізу қатысушыларын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттері үшін бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот, құқық бұзушы әрекетін құқыққа қарсы сипатын сезiніп, зиянды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасаған деп таныды.
Себебі құқық бұзушы қоғамдық орында бола тұра, жәбірленушіге былапыт сөйлеп, ұсақ бұзақылық жасаған.
Құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін кінәсін мойындаған түсініктемесімен, жәбірленушінің көрсетуімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жаза қолдануда жасаған әкімшілік құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін, оны бірінші рет жасауын жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныса, ал оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлары болмаған.
Сондықтан құқық бұзушының жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, және оның жасалу мән-жайларын ескеріп, сот оған құқық бұзушылық жасаған үшін 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын қолдануды дұрыс деп есептеген.