Алматыда Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы қарсаңында премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті.
Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады. Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуға тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.