Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы басшылар парамен ұсталды

45
судья парамен ұсталды

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне қарасты департамент басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы парамен ұсталды, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысында фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық жасағаны әшкереленген. Олар жүйелі түрде пара алып келген.
Дәріхана бизнесін ашқысы келген шағын бизнес өкілдеріне лицензия беру үшін департамент басшылары жалпы сомасы 850 000 теңге пара алған.