Аға инспектор сотталған адамнан пара орнына фастфуд әперуді сұраған

5

Шымкентте шартты түрде жазасын өтеушіден кешкі ас әперуді сұраған аға инспекторға қатысты сот үкімі шықты.

33 жастағы қызметкер Еңбекші аудандық пробация қызметінде жұмыс істеген. Ол қызметтік тексеріс барысында жасаған қамқорлығы үшін параны фастфуд түрінде алған. Сот процесі барысында күдіктінің кінәсі анықталып, оған 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Және ол өмір бойына мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айрылды.

«Күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 366 бабы 1-1 бөлігімен айыпталды. 15 желтоқсандағы сот шешімімен оған айыппұл түрінде жаза тағайындаған. Оған қоса енді құқық қорғау саласында, мемлекеттік жұмыста, бюджеттік жұмыстарда жұмыс істей алмайды. Параны азық-түлік түрінде алған. Оның соммасы 13 мың теңгеге жетпейді» дейді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Айта кетейік, прокурор экс-пробация қызметкеріне 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Бірақ күдіктінің кәмелетке толмаған баласы бар және жүкті екендігі ескеріліп, айыппұл салынған