Биыл Шымкентте жемқорлық фактілерін хабарлаған 3 адамға сыйақы берілген

29

Шымкентте соңғы 4 жылда 31 тұлға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар беріп, сыйақыға ие болған.

Оларға бөлінген сомма көлемі 6 млннан асады. Ал биыл 3 адамның хабарламасы нақтыланып, оларға 724 мың теңге берілген. Сыйақы иелері бұл қаражатқа сот шешімімен ғана қол жеткізе алады.

«Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге көмектескен 361 тұлғаның сыйақысы 6,2 млн теңгені құрады. 21 жылы 12 адамға 2 млн 241 мың теңге, 22 жылы 7 адам. 1 млн 562 мың теңге. Ал 23 жылы 3 адамға көтермелеу сыйақысы бөлінген» – дейді ҚР СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.