«Нелегал» 2 қылмыскер ұсталды

33

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізілуде. Оған облыс көлемінде барлық жергілікті полиция қызметкерлерінің полицейлері жұмылдырылды.

Осы бағытта полицейлермен облыс аумағында 70 қылмыс тіркеліп, оның 55-і ашылды. Яғни бұрын жасалған 2 қылмыс ашылып, «Нелегал» санатына жататын 2 қылмыскер ұсталды. Ал есірткі затын тасымалдау мен сақтау бойынша 7 қылмыс ашылды.
Сондай-ақ «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының үш күнінде 3417 құқық бұзушылық анықталды.
Яғни ұсақ бұзақылықтың-232 жайты, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің-205 дерегі, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына берудің-23 жайты, жолдың қарама-қарсы бағытына шығудың-8 дерегі анықталды.