Халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер Шымкентте ұсталды

265

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды. Ол Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан  алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген.

Полиция хабарлауынша, 34 жастағы шетел азаматы «Заңсыз келуші -2023» өңірлік операциясы кезінде ұсталды. Оның жеке басын анықтау кезінде Өзбекстан Республикасында  халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды.

Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында, ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Бірақ шетелдіктен ешқандай қару табылмады. Қазіргі таңда ол қамауға алынды. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.