Петиция: «Балаларға хиджаманы қолдануға қарсымыз!»

35

Елімізде бір топ ғалымдар мен дәрігерлер балаларды хиджамамен емдеуге қарсы петиция бастады. Олар ағзадағы «арам» қанды шығаратын емшілердің қызметін реттеуді талап етіп отыр. Екі күн ішінде петицияны 13 мың адам қолдаса 1400-ге жуығы қарсы болған.

Әлеуметтік желіде қырқынан шықпаған сәбидің беті мен маңдайын тіліп хиджама жасап жатқан мына бейнежазба көптің талқысына түсті. Белгілі болғандай бұл жағдай Атырау қаласындағы хиджама орталығында болған екен.

Шымкент қаласында өз қалауымен ем қабылдағандардың бірі — Жамбыл Серікбаев. Ол тері ауруына шалдыққан соң 3 жылдан бері хиджаманы тұрақты жасататынын айтады. Содан кейін дертінен толық айықпаса да өзін жақсы сезінген.

Жамбыл Серікбаев, тұрғын: «Ата-ана ретінде балаларға жасағанына қарсымын. Бірақ Нұреке айтып жатыр ғой 7 жастан болады деп».

Ал, Үсен Смайылханұлы да хиджама жасатуға қарсы емес. Бүгін алғаш рет процедура жасатқан ол өзін әлсіз сезініп тұрғанын жеткізді.

Дегенмен, емдеудің бұл түріне сенбейтіндер де баршылық. Олардың арасында хиджаманы адам өміріне қауіпті деп санайтындар бар.

Ақбаян Трқтамысова, қала тұрғыны: «Мен хиджама адам өмірі үшін қауіпті деп ойлаймын. Бірақ бұл әр адамның өз еркінде. Мен өз басым оған қарсымын».

Айжарқын Қадырбекова, қала тұрғыны: «Мен хиджаманы балаларға жасауға өте қарсымын. Ал үлкендер өзі біледі. Мен бірақ өзім мұндай емді жасатпас едім».

Балабек Елеубеков, қала тұрғыны: «Мен қолдаймын немесе қолдамаймын деп айта алмаймын. Біреулер содан емделіп жатады, ал біреулер жақпады дейді. Ол енді әр адамның денсаулығына қарай».

Ал емші Нұрбах Кенжеханов хиджама мен медицинаның бір- бірімен байланысы бар екенін айтады.

Нұрбақыт Кенжеханов, хиджама жасайтын емші: «Араб елінде сәбидің 2 айынан хиджама жасайды, арқасына. Бетінен сәбиге жасағанға қарсымын. Орны қалып қояды. Хиджама жасау үшін бала 16- ға толуы керек. Жетілуі тиіс. Ал бала «ангинамен» ауырғанда, құлағаның артынан тілуге болады».

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы онкогематология бөлімшесіндегі мамандар хиджама жасату бала ағзасына қандай зардап тигізетінін түсіндірді.

Жеңіс Сәрсенов, Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі: «Біз  дәрігерлер хиджама жасауға қарсымыз. Баланың ағзасынан алынған қан баланы әлсіретіп, анемиялық және  шокқа әкеледі. Сондықтан дәрігердің көмегіне жүгінген жөн деп кеңес беремін ата-аналарға».

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызының айтуы бойынша кез келген медициналық көмек көрсету үшін лецензиясы болуы шарт. Ал хиджама жасатуға лицензия берілмеген