Қарақұмық өндірісі 30 пайызға өсті

39
Сурет, http://222.by/ сайтынан алынды

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында ірі тартылған қарақұмық ұны мен жармасы өндірісінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2% өсті. Ұлттық статбюросының мәліметінше  аталған мерзімде қазақстандық кәсіпорындар 36 мың тонна өнім шығарды, – деп хабарлайды ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Алайда экспорт бірден 10%-ға төмендеді. Өткен жылдың 11 айында экспортқа тек 7,3 мың тонна қарақұмық өнімі жіберілді, ал 2021 жылы 8,1 мың тонна экспортталған. Ал импорт өз кезегінде 2,5 есе өскенін көрсетті.Егер 2021 жылы 1,8 мың тонна қарақұмық ұны мен жармасы импортталса, 2022 жылы 4,7 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 11,7%.