Ұлттық әуе тасымалдаушысы Қазақстан мен Түркия арасында билеттерді қайтаруға немесе қайта брондауға мүмкіндік беріп отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, қазақстандықтардың ең көп саяхаттайтын елі — Түркия.
Бұл мемлекетке жылына орта есеппен 600 мың қазақстандық барады. Одан кейінгі тізімде Араб әмірліктері, Мысыр, Таиланд және Мальдив аралдары бар. Ал туризм саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Еркін Бейсеев қазақстандықтар әзірге Түркияға демалуға баруға қорқып отыр дейді. Сондықтан Антальяға жолдамаға сұраныс азайған.
Бұл ретте, зор экономикалық шығынға ұшыраған Түркия бюджетке табыс әкелетін саланы құлдыратып алмай, қайта қолдауға мүдделі. Сол себепті, саяхатшылар жауапкершілікті өздеріне алып, демалатын болса, баға мен сапада еш өзгеріс байқалмай отыр,дейді мамандар.