Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс нығая түседі

35

Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыс нығая түседі. Киелі өңірге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі келді. Өз кезегінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркия кәсіпкерлерін Түркістанда жұмыс істеп, жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Түркістанға Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды іс-сапармен келген Мұстафа Капуджумен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты. Өңір басшысы Түркия кәсіпкерлерін Түркістанда жұмыс істеп, жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Мұстафа Капуджу Түркістанның күн санап дамып жатқанын айтып, өзгерістерді жоғары бағалады. Сондай ақ, ол Түркиядағы зілзала кезінде Қазақстанның көрсеткен көмегі орасан екенін жеткізіп, өз алғысын білдірді».

Мұстафа Капуджу, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: «Экономикалық байланыстарды нығайту туралы ойыңызды қолдаймын. Түркістанның инвестициялық әлеуетін кәсіпкерлерімізге таныстыруға күш саламыз. Бұл ізденістер Түркия инвесторларын да қызықтырады деген ойдамын».

Қос тарап жан-жақты байланыстарды тереңдете түсуге уағдаласып, Түркістанның инвестициялық әлеуетін арттыруға күш салатындарын айтты.