Түркістан облысында 25 жыл бұрын іс түссіз жоғалып кеткен шетелдік азаматша табылды. Ол өткен жылы Шымкент қаласындағы дағдарыс орталығына келіп жүгінген.
Сөзінше оны 10 жасында әке-шешесі сатып жіберген. Кейін Сарыағаш ауданындағы притонда сексуалдық құлдықта болғанын айтқан. Істі Түркістан облыстық ПД тіркеп, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалар жүргізілді.
Гүлнар Абдужаппарова, ТО ПД баспасөз хатшысы: “Өзбекстан азаматының яғни үй күйсіз құжатсыз жүрген адамның ісі келіп түсті. Полиция департаментімен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде департамент қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Қашқадария облысында тұратын ата-анасын тапты. Шетел азаматына құжаттарын жасап беруге көмек қолын созылуда. Қазір әйелді үйіне жіберу жұмысы жүріп жатыр”
Енді 40 жастағы әйелді өз ата-анасымен қауышады. Жедел тексеру барысында оның 17 жасында үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.