Шымкентте 130 сауда орнына мониторинг жүргізілді

29

Шымкентте 3230 өнімге зертханалық тексеру жүргізілді. Ол үшін 130 сауда нысанынан сынама алынды.

Сатып алынған заттың 7271-сі отандық өнім. Ал 1910 Еуразиялық одақ өнімі болса, 593-і басқа елдерден импортталған. Бұл тауарлардың 1963-і – тағамдық өнім, 1267-сі химиялық тұрмыстық зат.

Мониторинг нәтижесінде 109 сынаманың техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.