Шымкентте өткен жылы 246 төтенше жағдай тіркелген

38

Өткен жылы қалада 246 төтенше жағдай тіркеліп, 50 адам зардап шекті. Оған қоса қауіпті аймақтардан 57 адам эвакуацияланып, 332 адам құтқарылды.

396 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді. Шаһарда орын алған Төтенше жағдайлардың 85 пайызын өрт құрайды. Мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін іске асыру мақсатында 801 өрт-техникалық тексеру жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау 100 пайыз орындалған.