СІМ: Түркияға сапарлайтын отандастарымызға кеңес берді

19
ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияға сапарлайтын қазақстандықтарға кеңес берді.

«Табиғатты болжап білу мүмкін емес. Сондықтан әрбір азамат Түркияға барған кезде шешімді дербес қабылдауы және барлық сын-қатерді бағалауы тиіс.

Тіпті, олар барған күннің өзінде қандай да бір мәселе туындай қалған жағдайда біз шұғыл байланысуымыз, барынша жәрдем бере алуымыз үшін Елшіліктеріміз бен консулдығымыздың дипломаттарының байланыс деректерін алғаны жөн», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Осыған дейін Түркиядағы алапат жер сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 912-ге жетіп, зардап шеккендер 5385-ге жеткені хабарланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шекті деген ақпарат келіп түскен жоқ екенін мәлімдеді.