Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданының жер көлемі, аумақ құрамы, енгізілген елдімекендер саны жайлы қалалықтардың басым бөлігі біле бермейді. Өйткені өңірде өзгеріс көп. Дегенмен жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмірі бар кез-келген тұрғын, сандық жүйенің арқасында өзіне қажетті ақпаратты ала алады.
Абай ауданының тұрғыны Рано Азизова жаңадан туылған қызының құжаттарын реттеуге халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті.
Бәйтереков-Арғынбеков, Жанкент-Рысқұлов көшелері аралығы. Түркістан Наурыз Отырар шағынаудандарынан бастауын алып, шағын Самал, 112 орам, Темірлан тас жолынан Жаңаталап, Ақтас, Айкөл, Тәшкент бағытындағы Қазығұрт, Құрсай шағынаудандары Тұранның қарамағын қамтиды.