Түркістан облысының тұрғындары 2,5 пайыздық үстемемен несие ала алады

111

Түркістан облысына «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді.

Төлеби ауданы

Бұл қаржы ауыл азаматтарына төмен пайызбен несие ретінде берілмек. Қазір 32 ауылдық округ тұрғындарына несие алу талаптары түсіндіріліп жатыр. Пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген адамдар үйін кепілге қойып, 2,5 пайыздық үстемемен несие ала алады. Ал орташа несие көлемі 5 млн теңге. Кооператив құрамындағы азаматтар да жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ,Біз бірінші экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық округті таңдап алдық. Сонымен қатар мынау жұмыссыз азаматтары көп немесе аз қамтылған отбасылар саны көп отбасыларды таңдап отырмыз. Сол жерге қаржыны құйып, әлеуетін жоғарылату мақсатымыз дейді.