Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы көктемгі егістік науқанына дайындықты пысықтау мақсатында су жүйелерінің жағдайымен танысты. Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиеселі болғандықтан өңірде ағын су мәселесі өте өзекті.
Бүгінде шаруалардың суды қажеттіліктен артық пайдалануына, ағын су ысырабына жол бермеу және су беру тәртібін реттеу үшін облыста нақты тариф бекітілген. Сонымен қатар су шығынын үнемдеу мақсатында «Түркістан» магистральды каналының бір бөлігін темір бетонмен қаптау жұмыстары аяқталып, барлық шлюздардағы су өлшегіштер есепке алынды. Әрі су балансын сақтау жұмыстары бір жүйеге келтірілген.