Түркістанда үстел теннисінен 14 дүркін ел чемпионы тұрады

66

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында үстел теннисінен 14 дүркін ел чемпионы Түркістан облысының тұрады. Тоймұрат Ешимовтың бұл спорт түрін жанына серік еткеніне 40 жылдан асқан. Ол тек спортпен айналысып қана қоймай, ерекше заттарды жинауды хоббиіне айналдырған. Оның қазір жеке қорында 60-қа тарта магнитафон мен 1000-нан аса кассета сақтаулы тұр.

Ерекше жандар арасында үстел теннисінен 14 дүркін ел чемпионы Сайрам ауданында тұрады. Тоймұрат Ешимовтың бұл спортқа деген қызығушылығы 6 сыныпта ояныпты. Ал 2008 жылдан бастап республикалық жарыстарға қатысқан ол, тіпті байрақты бәсекелерде топ жарып, ел намысын қорғап қайтқан.

Тоймұрат Ешимов, спортшы: «2008 жылы Павлодар қаласында бірінші рет паролимпиадаға қатысып ел бойынша бірінші орын алдым. 2010 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына кіргізді. 2017 жылы Венгрияда классификациялық турнирге қатыстым. Сол жерден сертификат ұтып алып, Славакияда өтетін әлем чемпионатына қатыстым».


Ерік жігері мұқалмаған чемпион спорттан бөлек музыкаға құштар. Ол жас кезіннен түрлі музыкалық аспаптар жинай бастаған. Қазір оның жеке қорында 1000-нан аса кассета сақталған. Оның ішінде 1999 жылы өзі арнайы жазып алған таспалар да бар.

Тоймұрат Ешимовтың кішкентай ғана жеке музейінде өткен ғасырдың бас кезінде шыққан үтіктен бастап, 60-қа тарта «Маяк», «Романтик» сынды магнитафондар бар. Оған қоса қазір табыла бермейтін Жапонияда шыққан музыка ойнатқыштар да кездеседі. Олардың бірін өзі сатып алса, енді бірін достары сыйға тартқан. Спортшы қолы қалт етсе осында келіп, техникаларды жөндеумен шұғылданады екен.

Тоймұрат Ешимов, спортшы: «Бұл «Маяк». Мұның біреуін алу үшін ол кезде көп ақша керек еді. Қиын еді алу да. Ақша жинап Ақсуға барып, ағаларымнан ақша сұрап жүріп алғаш рет 320 рублге сатып алған едім. Одан кейін мына «Романтиктерді» алдым».

Жасы елуден асқан ел ағасы қазір есімі елге белгілі жаттықтырушы. Мақсаты, өзі сынды спортты жанына серік еткен ел чемпиондарын тәрбиелеу. Сонымен қатар ол, хоббиіне айналған коллекциясын үлкен музейге айналдыруды жоспарлап жүр.