«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде самаурындар көрмесі ашылады

40

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде самаурындар коллекцияларынан көрме ашылады.

Көрмеге ХІХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі пайдаланылған самаурындар, шоқ самаурыны, тіпті керосинмен қайнайтын түрі де қойылған.

Тарихи кезеңіне сәйкес самаурындар жез, мыстан, түрлі материалдан дайындалған. Оттығын түтін мүжіген бұл самаурындар берекенің, бірліктің көзіндей боп бізге жеткен.

Ал шығыс халқына тән самаурындар – құман самаурындар. Бұлар орта ғасырдан бастап жасалған деген деректер бар. Оның сыртқы пішініне қарап, самаурындардың әр елде әр формада болғанын байқауға болады. Берекелі өмірді салсерілік дәстүрлі көрмеде сопақ, банка тәрізді, үлкені де, кішісі де, барлық түрі бар.

Естеріңізге салсақ 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілен болатын. 2021 жылдың 1 мамырында «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты.