Үміткер Қ. АҚАЕВ: «Жарқын болашақ үшін»

117

19 наурызда халық Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлайды. Шымкент қалалық мәслихаты 32 депутаттан жасақталатын болады. Халық қалаулысы атануға үміткерлер қатарында Қуанышбек Ақаев та бар. Ол бүгінде тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда.

 

Шымкент қаласында туып өскен Қуанышбек Ақаев №4 сайлау округінен Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер. Қарапайым тұрғындардың тағдырына бей-жай қарай алмаймын деген ол, жерлестерімнің жарқын болашағы үшін сайлауға қатысуға бел будым,- дейді.

Қуанышбек Ақаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер: «Үміткер болып келіп отырған азаматтардың қайсібірі осы «Жаңа Қазақстанға» сіңетін болса, шын мәнінде өзінің  кішкене  болса да үлесін қосамын деп келсе, әр қайсысына сәттілік тілеймін. Неге десеңіз, халық кімді таңдаса да егер шын мәнінде жүрегінде түгі бар, көзінің оты бар, аузындағы сөзі бар азаматты таңдайтын болса, ертеңгі күні сіздің сөзіңізді, осы жиналған билердің сөзін шын мәнінде ашқандай бір қателіксіз билікке жеткізіп бара алса, соған жеткізетін жүрегінің түгі бар болса, сол азаматты таңдаңыздар. Бірақ сол кісіні таңдаған кезде сіздің үмітіңізді ақтаса».

Белсенді өмірлік ұстанымды қолдайтын үміткер, жайлы өмір сүру үшін ең бірінші ынтымақ қажет деп есептейді.

Қуанышбек Ақаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер: «Бақ шаба ма, бап шаба ма»- дейді. Мына жердегі сіздердің бірінші келіп конкурсқа, сіздің алдыңызда жеке басымыздың бір өркендеуін ойлап отырған болсақ, көзімізден сол «Елім, жерім» деген жанарды көрмей тұрсаңыздар, онда басқа әңгіме айтуға болады. Егер де сол нәрсе бар мына жігітте болады, десеңіздер елге үгіттеп, елге айтып, насихаттап баталарыңызды беріп, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын».

Ақсақал батасын берді: «Талаптарың істерің оң, Алла қолдап 19 наурызда депутат болып сайланыңыздар. Алла қолдасын»

Саяси науқанда бақ сынап жатқан үміткерлер, қала тұрғындарын сайлауға белсенді түрде қатысып, өз таңдауын жасауға шақырады.

№4 сайлау округі бойынша Шымкент қаласы мәслихат депутаттығына кандидат К. А. Ақаевтың сайлау қорының қаражатынан төленді