5 жылда кәсіпкерлік палатасы 10 мың кәсіпкерге қызмет көрсеткен

44

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы 2018-2022 жылдар аралығында 10 мың кәсіпкерге қызмет көрсеткен. Оның 1119 сервистік қолдау көрсету.

Атап айтқанда, бухгалтерлік қызмет бойынша 453, заң мәселелері бойынша 235, қаржыландыру туралы консультациялар бойынша 172, бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша 250 қызмет көрсетілді. Кеңес алушылардың басым көбісі сауда, қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы саласына тиесілі.

Ал «Бастау бизнес» жобасы бойынша 3 жыл ішінде 9 мың бизнес иесі сертификат алған.