63 млн. теңге қарыз сомасына бітімгершілік келісімі бекітілді

35

Түркістан облысына қарасты Келес аудандық сотында талапкер М.Ш. жауапкер Ж.Н.-дан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Бұл туралы Келес аудандық соты хабарлады.

Істі қарау барысында судья бітімгершілік, медиативті және партисипативтік келісім жасау арқылы дауды тоқтатудың артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімге келіп, оны бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісімі онда көрсетілген шарттармен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Келісім талаптары бойынша жауапкер Ж.Н., жалпы қарыз сомасы 63 000 000 теңгеден талапкер М.Ш.-ға 40 000 000 теңгені 2023 жылдың 31 наурызына дейін, ал қалған 23 000 000 теңге сомасын, жауапкер екі жыл ішінде тоқсан сайын 2 875 000 теңге төлеуге міндеттенеді.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.